Құрайыш Әбу Рафиғты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) елші қып жібереді.
Ол Мәдинаға келіп біраз тұрақтап қалады. Сахабаларды жақыннан танып, естіп жүргендерінің жалған екеніне көзі жетеді. Мұсылман болғысы келіп:
– Уа, Алла Елшісі! Алланың атымен мен енді оларға қайтып бармаймын, - дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:
– Мен келісімді бұзбаймын, елшілерді ұстап қала алмаймын. Оларға бар, сонда барғаннан соң көңілің қазіргідей болса қайтып кел, - дейді.
Әбу Рафиғ Құрайышқа барып хабарды жеткізіп, Мәдинаға қайтып келіп мұсылман болады. Құрайыш мұсылман болмаса да Пайғамбарымыз (с.ғ.с) олармен жасасқан келісімге берік бола білді.
Адамдардың діні, түрі, тегіне қарап келісім жасама. Адамдығы бар адам келісімнің пайдасына қарап емес, арнамысына қарап амал етеді. Әрбір опасыздың қияметте жалау ұстап тұратынын есіңе ал!
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz