Сахаба Хаким ибн Хизамның әпкесі Умму Ула сырқаттанып қалады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оның көңілін сұрауға барып:
– Қуана бер, Умму Ула! От күмісті тазартқандай мұсылманның ауруы да оны күнә-қателіктен тазартады, - деді.
Барлық істе Аллаға тәуекел ет те, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқанына илан. Сеніммен барлық нәрсе қайырлы болады.
Нығметке шүкір еткендей сынаққа сабыр ету де – сауап. Шариғат бойынша табаныңа кірген шөңкеден бастап басыңа жеткен уайым-қайғыға дейін барлық қиындық күнә-қателік өтемі болады.
Отбасыңа әкеп берген адал асың – садақа. Ауырғанда ыңырсығаның – тәсбихтың сауабымен тең, әр ауырсыну күнәға кәффарат болады. Алла – Рахымды. Оның рахымдылығы тіпті ауырған кезде де айқын бола береді.
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz