26
Жексенбі,
Қаңтар

һижри

Қуаты бар адамға садақа беру – арам

Қуаты бар адамға садақа беру – арам

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әр адамның өз кәсібі болғанын ұнататын.

Бірде сахабаларымен сұхбаттасып отырып былай дейді:

– Зәкәрия пайғамбар ағаш ұстасы еді!

Ал жұмысқа шамасы жететін біреудің садақа сұрап жүргенін көрсе жек көретін. Бірде былай деді:

– Бай адам мен қуаты бар адамға садақа – арам!

Қайыр сұрау күнімізде қажет емес кәсіп болып кетті. Кейде тепсе темір үзетін кісілердің қайыр тіленіп жүргенін көреміз. Оларға ештеңе бермеңдер. Себебі олар Алланың өздеріне беріп қойған күш-қуаты мен мүмкіндігін елемей әрі Раббысынан келген ризықтың ақысын бермей дәнігіп, құнығып кетеді. Ілгергі адамдар қайыр сұрап жүрген біреуді көрсе оны тыйып, ұрысып тастайтын еді. Бұл – олардың сараң не іштарлығы емес, керісінше, әлгіні жұмыс істеуге, кәсіп жасауға шақырулары.

«Адамға балық емес, қармақ бер». Өзі балық аулауды үйренсін!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: