29
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Исламның үлкен мұғжизасы – бізге үзілмей жеткен Құран

Исламның үлкен мұғжизасы – бізге үзілмей жеткен Құран

Ислам тарихы

Лаура Веччиа Вальери - Ислам тарихына және араб тілінің фиқһы мен әдебиетіне қызыққан қазіргі заманғы итальян зерттеушісі. Оның еңбектері: екі томдық «Араб тілінің қағидалары» (1941-1937), «Ислам» (1946), және «Исламды қорғау» (1952). Сондай-ақ, ол шығыстану журналдарында көптеген зерттеулер жариялаған.

Назарларыңызға Лаура Веччиа Вальеридің Құранның адамзатқа берген әдеби, ғылыми және рухани құндылықтары туралы құнды ойларын ұсынамыз:

Исламның ең үлкен мұғжизасы – бізге үзілмей жеткен Құран. Оның әрбір ақпараты шексіз анықтыққа ие. Бұл кітапты еліктеп жазу мүмкін емес. Оның әрбір сөзі жанжақты әрі терең,барлығын қамтыған сонымен қатар ұзындығы да, қысқалығы да өз орнында. Құранның стилі ерекше әрі қайталанбас. Мұндай әдеби стиль араб әдебиетінде Құранға дейін болған емес. Құранның адам жан-дүниесіне әсер етуі сыртқы қосымша көмекке сүйенбестен, тек табиғи шеберлігі арқылы жүзеге асады. Оның барлық аяттары бірдей әдеби шеберлікте биік деңгейде, тіпті өсиеттер мен тыйымдар сияқты тақырыптарды қозғағанда да, байқауға болады. Құран пайғамбарлардың оқиғаларын, әлемнің басталуы мен аяқталуын, Алланың сипаттары мен олардың түсінігін қайталайды, бірақ бұл қайталаулар өз әсерін ешқашан жоғалтпайды. Құран тақырыптан тақырыпқа күшін жоғалтпай ауысады. Мұнда тереңдік пен нәзіктік қатар жүреді – бұл екі қасиет әдетте бірге кездеспейді. Құранның әрбір әдеби бейнесі толыққанды жүзеге асады. Қалайша мұндай керемет кітапты жазу пайғамбар Мұхаммедтің  (ісі болуы мүмкін? Оқу,жазуды білмейтін араб бола тұра және бүкіл өмірінде екі-үш өлең жолынан басқа шығармаған бола тұра, оның өзі қандай да бір ақындық шеберлікке жатпайды.

Бізде Құранның Құдайдың сөзі екендігіне тағы бір дәлел бар: ол – оның мәтінінің осы күнге дейін таза және бұрмаланбай сақталғандығы. Құранның түсуі мен бүгінгі күннің арасындағы ғасырлар бойы оның мәтіні өзгеріссіз қалды. Сондай-ақ, Құранның мәтіні Алланың қалауымен, әлем бар болғанша, өзінің осы тазалығы мен өзгермеген күйінде сақталады.

Бұл кітап – Ислам әлемінің барлық жерінде күн сайын оқылатын кітап – сенушінің жүрегінде ешқашан жалықтыру сезімін тудырмайды. Керісінше, оны қайталап оқыған сайын ол сенушілерге күннен-күнге көбірек ұнайды. Құранды оқыған немесе тыңдаған адам оның жүрегінде терең құрмет пен қорқыныш сезімін тудырады. Адам оны қиындықсыз жаттай алады. Бүгінгі күні, сенім толқыны бәсеңдегеніне қарамастан, мыңдаған адамдар Құранды жатқа оқуға қабілетті. Тіпті Мысырда ғана Құранды жатқа білетіндердің саны Еуропаның барлық жерінде Інжілді жатқа білетіндер санынан асып түседі.

Исламның тез таралуы күш арқылы да, тұрақты түрде үгіт жүргізген адамдардың еңбегімен де жүзеге аспады. Исламның кең таралуына себеп болған нәрсе – мұсылмандардың жеңілген халықтарға ұсынған кітабы Құран еді.Ол Алланың кітабы, шындық сөз. Мұхаммед пайғамбардың (ең үлкен муғжизасы еді жер бетіндегі күмәнданған адамдарға ұсынған.

материал «Ақиқат алдында жеңілген жүрек» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: