Намазға ниет етіп, мешітке бағыт алған адам Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітке бара жатқанда айтқан арнайы дұғаны оқуы – мұстахаб.
Ибн Аббастан (Алла оларға разы болсын) жеткен хадисте былай делінген:
«Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітке бара жатқандағы дұғасы: «Уа, Алла! Менің жүрегіме нұр бер, көзіме нұр бер, құлағыма нұр бер, оңымнан нұр бер, солымнан нұр бер, үстімнен нұр бер, астымнан нұр бер, алдымнан нұр бер және маған нұрыңды төк», - деген сөз болды».
Оқылуы: Аллауммәж ъал фи қалби нуран, уә фи лисәни нуран, уә фи сәмъи нуран, уә фи бәсари нуран, уә мин фәуқи нуран, уә мин тәхти нуран, уә ъан ямини нуран, уә ъан шимәли нуран, уә мин әмәми нуран, уә мин халфи нуран, уәжъал фи нәфси нуран, уә аъзыйм ли нуран, уә ъаззыйм ли нуран, уәжъал ли нуран, уәжъални нуран, Аллауммә аътыйни нуран, уәжъал фи ъасаби нуран, уә фи ләхми нуран, уә фи дәми нуран, уә фи шәъри нуран, уә фи бәшәри нуран.
материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz