Ең бірінші надандық, ғапылдық, тәкаппарлық, бұзақылық, пасықтық пен күнәға батудан құтылып, мағрифат, тәфәккур, парасаттылық, мойынсұнушылықтың жолына түсу. Яғни, ақылы зерек, ойы ұшқыр болу, әр жаратылыста Алланың ұлылығын көре білу. Кіші болса да ашық және жария түрде күнә атаулыға жоламау.
Иман шаттарын қалтқысыз орындау, парыздарды орындап, харамнан тыйылу.
Жаратушының бақылап тұрғанына сенетін пенделер өздерімен ойы мен сөзі бір жерден шығатын жандармен жиі бас қосу. Себебі бүгінгі шақта жалғыз жүріп иманды күшейту қиын. Иманды жолдас таңдау өте маңызды.
Имандылықты ғылым, біліммен ұштастырып жазған кітаптарға ынтық болу. Уағыз-насихаттарға жиі қатысу. Сөйтіп жүректегі иманды жаңартып, біліммен қуаттау.
«Алла көріп тұр» деген сенімнен мақұрым пенделердің қасіреті
Мұндай жағдайға душар ететін факторлар мыналар:
Надандық: әуелі өз жаратылысынан бейхабар болу, жаратылыстағы заттар мен оқиғалардың хикметке толылығын сезінбеу, құдіретті күштің қатысын сезінбеу. Оларды мағынасыз, ешбір мақсатсыз жаратылған деп қарау. Заттың тек сыртқы келбетіне қарап, ішкі дүниесіне үңілмеу.
Ғапылдық: бұл да надандыққа ұқсастау келеді, бұл да айналасында орын алып жатқан оқиғалардың астарындағы мағынасынан хабарсыз өмір сүру. Осы себепті, көз алдарына перде түріліп, ақиқатты көре алмайтын деңгейге түседі. Құндылықтар түбегейлі қзгереді. Олар фәниді мәңгі, өткіншіні тұрақты, ойдан құрастырылған ілімді нағыз шындыққа негізделген ілім ретінде көре бастайды. Соңында нәпсіге бойын билетіп, рия, қырсығушылық, құр қобалжу деген секілді күйге еніп, әп-әдемі өмірін тас-талқан етеді.
Тәкәппарлық. Бұл жердегі тәкәппарлықтың мағынасы бастағы байлық пен қолдағы ны,метті Алланың бергені емес, өз еңбегіммен таптым деп қарау.
Жауапсыздық. Көптеген затқа немқұрайлы қарау, жауапсыздық. Бұл дүниеде жауапкершілікті түсінбегендер арғы дүниеде беретін есепке де мән бермейді.
Бүлікшіл, бұзақы, күнәһар. Бұндай адамдар елдің тыныштығын бұзып, заңды аяқ асты етіп, құқық бұзып, күнәні еш қысылмай ашық жасайды. Бұлар елді ішінен шірітетін құрт секілді.
Жоғарыда айтылған қасиеттер нағыз мүмінге жат. Адам я осы екі қасиетті иеленіп, Алла мен адамның разылығына бөленеді, я болмаса жоғарыда санаған жағымсыз қасиеттерді бойына сіңіріп екі дүниеде азап тартады.
материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,
ummet.kz