30
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Дүниеде кім болғаның емес, ақыретте кім болатының маңызды

Дүниеде кім болғаның емес, ақыретте кім болатының маңызды

Ислам тарихы

Абдуллаһ ибн Масғуд былай дейді:

«Тәбукте болғанымызда түн ішінде оянып кеттім. Оттың жалынын байқап қалдым. Не болып қалды екен деп барсам, Абдуллаһ ибн Абдунәһм қайтыс болған екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) – қабір ішінде, Әбу Бәкір мен Омар мәйіт қасында тұр еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) екеуіне:

– Бауырларыңды беріп жіберіңдер, - деді. Абдулланы қабірге өз қолдарымен қойып жатып:

– Мен одан разы болдым, Сен де разы бол! - деп дұға етті».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әрбір кісіге мейірімді еді. Қарашы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі мүбәрак қолдарымен Абдулланың денесін жерге тапсырды. Ал оның денесін сахабалардың ең абзалы Әбу Бәкір мен Омар көтерген еді.

Дүниеде кім болғаның емес, ақыретте кім болатының – маңызды. Өмір – өткінші, нағыз өмір – алда!

Қазақ сол үшін дүниені – «фәни», ал ақыретті «бақи» дейді.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: