Меню

01
Сенбі,
Наурыз
29
Шағбан
1446 һижри

Өзі өзгермейінше, Алла ешкімді өзгертпейді

Өзі өзгермейінше, Алла ешкімді өзгертпейді

Ислам тарихы

Маған «бұл жылдан аман өттік» дейсің. Аллаға шүкір! Өттік-ау...

Егер, аман-сау өткенімізді меңзесең, оның дұрыс. Шүкір айтуға тұрарлық жағдай. Бірақ, меніңше қуануға әлі ерте сияқты. Өмірді жақсы сүрсек, жақсы өткізсек, сонда ғана қуансақ болады деп ойлаймын. Қанша өмір сүргенің емес, қалай өмір сүргенің маңызды. Бұрынғы замандарда адамдар ұзақ жасайтын. Екі жүз жыл, үш жүз жыл, тіпті мың жыл жасаған болар...

Бірақ, мән-мағына болмаса, көптіктен не пайда? Тәжірибе ретінде ақ парақ ал да, қалағаныңша нөл санын жазып көрші. Не мән бар? Не көріп тұрсың? Не өзгерді? Ештеңе. Енді сол нөлдің алдына бір санын, не екі, үш – әйтеуір өзің таңдаған санды жаз. Ал, енді қандай өзгеріс көріп тұрсың? Жаңа ғана ешқандай салмағы мен мәні жоқ нөлдер үлкен санға айналып шыға келді. Дұрыс па? Бұдан не ұқтың?

Қадірлім, нөлдер алдына қалаған саныңды жазып, оны еселегеніңдей, өміріңді де жақсылық жасап, пайдалы өткізіп өзгерте алатын, мән кіргізе алатын жалғыз өзің ғанасың! Ешкім саған келіп, жақсы өмір жасап бермейді. Ғажайыптар туындатып, өзің мен өміріңді өзгертуге ең басты себепкер – тек өзіңсің. Өзі өзгермейінше, Алла ешкімді өзгертпейді. Енді не тұрыс? Өзіңді өзгерт! Өміріңе мән кіргіз!

материал  Аслан Орақбайдың «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz