07
Жұма,
Ақпан

һижри

Өзіңе қымбат нәрсені жоғалтқан сайын Пайғамбарды (с.ғ.с) есіңе ал

Өзіңе қымбат нәрсені жоғалтқан сайын Пайғамбарды (с.ғ.с) есіңе ал

Ислам тарихы

Жарқыным, ешқашан «адам өз тағдырымен жүрмейді» деп айтушы болма. Көп ойға салынып, өз-өзіңді жей берме. Өзіңнің қолың жетпейтін іске араласпа.

Қаншама есік жабық, жол қараңғы болса да, Алланың әмірі күмәнсіз орындалады. Сенің міндетің – тек қозғалу, алға жылжу, бір орында тоқтап қалмау. Ал мақсатқа қашан жетесің, қалай жетесің ол – Алла ғана білетін дүние.

Жақсым, тек бір нәрсені ұмытпа: кейбір жауапкершіліктер таңдаудан кейін болады. Алла өз жолына тазаларды ғана таңдайды. Біз өз қажеттіліктерімізді атқару үшін қолданылған я кірленген нәрселерді пайдаланбаймыз ғой. Біз адамдар сондай болсақ, Алла өз жолына кім болса, соны таңдай салады деп ойлайсың ба? Алла сені өз жолына пайдаланып жатыр екен, онда Ол сенің жүрегіңе, кіршіксіз көңіліңе қарап таңдаған. Осыдан кейін сенің көңіліңді не нәрсе құлазытуы мүмкін?!

Досым, күресу – өте ауыр. Бірақ, мен жақсы білетін нәрсе - «Алла мықтыларды ғана ауыр сынаққа салады».

Бүкіл тазалық пен пәктік қоршап алған сол бір бөлмені айтсаңшы... Шіркін, сол бір бөлмені-ай!

Досым, өзіңе қымбат нәрсені жоғалтқан сайын Пайғамбарымызды (с.ғ.с) есіңе ал. Ол кісіден артық, ол кісіден қымбат ешкім жоқ. Бүкіл дүние ол кісінің аяқ киіміне де татымайды. Соған қарамастан, тіпті, ол кісінің де соңғы тұрағы – қабір болды...

Сырласым! Маған адамдарды айтып шағымданасың да, менен мардымды жауап естімейсің. Соңында мен де сен шағымданған нәрсеге шағымданатынымды түсінесің. Бірақ жаралы адамның басқа бір жаралыға сүйенгені жақсы шығар. Өйткені, жаралыны жараның дәмін татқан, ауруды бастан өткерген ғана түсінеді.

материал Аслан Орақбайдың «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: