Қонақ қылып күткен үй иесіне, рақмет айтып, алғысын білдіріп, дұға ету – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннет амалы.
Алла елшісі (с.ғ.с) бір жерден тамақтанатын болса, ол кісіге арнап Алла Тағаладан былай деп дұға жасайтын болған: «Уа, Аллам! Мені тамақтандырған кісіні тамақтандыр және шөлімді басқан кісінің шөлін бас» (Муслим, 2055)
Имам Науауи: «Бұл дұға қандай да бір жақсылық істеген адамға және де қызметшіге жасалады», - деген.
Ал бір адамды қонаққа шақырып, оған дастархан жаюшы адам жақсылық жасаушылар қатарына жататыны сөзсіз. Абдулла ибн Бусрдың риуаят етуінше, оның әкесі Алла елшісін (с.ғ.с) қонаққа шақырады. Пайғамбар (с.ғ.с) ас ішіп болған соң: «Уа, Аллам! Олардың күнәсін кеш, оларды мейіріміңе бөле әрі ризықтарына береке бер», - деп дұға етеді (Муслим, 2042).
материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz