12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Қатігездік, қаттылық, қырсықтық біздің дінімізде жоқ

Қатігездік, қаттылық, қырсықтық біздің дінімізде жоқ

Ислам тарихы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қызметінде болған Әнәс ибн Мәлік былай дейді:

«Пайғамбарымыздың түйесінің қасында отырғанын көрдім. Пайғамбарымыз тізесін тосып Сафия ол кісінің тізесін басып түйеге отырды».

Бұл дін махаббаттың, мейірімділіктің, этикет діні.

Бір өкініштісі, исламды біз дін ретінде ұстансақта өмірімізге енгізе алмай жүрміз. Біздің қазіргі түсінігімізде махаббат туралы айту айып, жұмсақтық таныту кемшілік, харам сияқты боп қалған. Тіпті батыстан келген, табиғатымызда жоқ деп ұрандап шығатын болдық. Жігіт қызына көлік есігін ашып берсе де «не деген романтика?» деп кемсітеміз.

«Мұның мәнісі, мағынасы не? Қайдан шыққан дүние?» деп сұрап көрейік. Бір мың төрт жүз жыл алдын әйелі түйеге отыруы үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйеліне тізесін тосқан емес пе еді?

Қатігездік, қаттылық, қырсықтық біздің дінімізде жоқ.

Өкінішке орай, біз ұстанғымыз келген нәрсені аламыз да, ұстанғымыз келмеген нәрсені елемей қоя саламыз.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: