Мәзһабтар тарихына тән еңбектерде Әһли сүннет уәлжамағаттың ақаид саласында ортақ ұстанған жалпы қағидалары жеке-жеке айтылған. Имам Әбул-Хасан әл-Әшғари (ө.324/936)
«Мақаләтул-Исламия» атты еңбегінде «Асхаби хадис уа Ақидатул әһли сунна» деген тақырып аясында 32 тарау түрінде қорытындылай алатын кейбір негізгілерді атап өткен және соңында: «Міне, асхабы хадис пен Әһли үннеттің әмір еткен, сенген ақаидтың мәні осыдан туындаған. Оларға қатысты айтылған әрбір нәрсені біз де айтамыз әрі қабыл етеміз» деген. Дәл осы түсіндірмелер «исалә илә әһлис-сағр» атты еңбектің «әләфтің ауызбіршілік еткен негіздері» тақырыбында орын алған. Бірақ, Әшғаридың бұл еңбектерінде жазған ақаид мәселелерінің арасында тек әләфилер ғана қабыл еткен негіздер де бар.
Мысалы, Алланың Аршы үстінде болуы, Алланың дүние аспанына түсуі (нузул хадисі), махлұқатына жақындауы, иманның артып, кемуі секілділер. Кәләм әдісін құптайтын Әшғария мен Матуридия осы секілді насстарды тұрған қалпында мағына бермей, тә’уил жасаған. Матуридия ғалымдарынан адрул-Ислам әл-әздәуи (ө.493/1100) де «Усулуд-дин» атты еңбегінде Әһли үннет уәл жамағат ұстанымдарын қорытындылаған.
Мәзһабтар тарихы ғалымдарының бірі Абдулқахир әл-Бағдади (ө.429/1037) атақты кітабында «Әһли үннетттің ауызбіршілік еткен негіздері» 15 бөлімге, Исфарайни (ө.471/1078) болса басқаша мағлұматтар бере отырып дәл сол негіздерді 47 бөлімге жүйелеген. Исфарайни бұл мәселеде Әбу Ханифа (ө.150/767) мен Шафиғи (ө.204/820) арасында бір ихтиләф болмағанын, тіпті әһли рай мен әһли хадистің де бірдей ақиданы ұстанғанын сөз етеді.
Мәзһабтар тарихы ғалымдарының жүйелеген бұл ұстанымдар Әһли үннетке тән кітаптарының қамтыған тақырыптарын қалыптастырады. Бұл ұстанымдарды қысқаша түрде тізбектеп көрсетер болсақ:
1) Әлем негізсіз, жөнсіз және қиялдан пайда болмаған, оның өзіндік болмысы және ақиқаты бар. Адамның бұл әлемді тануға, сондай-ақ мағлұмат алуға шамасы жетеді;
2) Әлем толығымен жаратылған нәрсе, оның әлбетте жалғыз жаратушысы (Алла) бар;
3) Алла Тағаланың затынан ажырамайтын түрлі тұрақты сипаттары бар;
4) Алла ақыретте мүминдерге көрінеді;
5) Тағдыр хақ, бірақ құл мәжбүрлеу, зорлық астында емес, яғни шектеулі еркіндігі бар;
6) Пайғамбарлар мен олардың мұғжизалары және әулиелер мен олардың кереметтері хақ;
7) Кәләмуллаһ жаратылмаған, дауыс және әріптерден құралмаған;
8) Ақырет пен жағдайы – жәннат, тозақ, сират, есеп, мизан, шапағат... хақ. Жәннат пен тозақ мекендеушілерімен бірге мәңгілік;
9) Пайғамбардан соң ең абзал адам және ең алғашқы халифа Әбу Бәкір. Одан кейін Омар, Осман және Әли. ахабалардың барлығы да құрметті әрі сенімге лайықты жандар;
10) Әһли қибләдан болған (жүзін құбылаға (Меккеге) бұрған) адам істеген күнәсіне орай кәпір саналмайды. Мүминге кәпір дегеннің күпірлікке түсу қауіпінен қорқылады.
материал «Ислам теологиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz