Имам Науауидің хизбі – таңертең және кешке оқылатын ерекше дұғалар мен зікірлерден құралған жинақ. Бұл зікірлердің көптеген артықшылықтары мен пайдалы қасиеттері ғалымдар тарапынан талай рет түсіндіріліп, сенімді тізбек арқылы бүгінгі күнге дейін жеткен.
Бисмиллә – дініме, өзіме, балаларыма; Бисмиллә – мал-мүлкіме, отбасыма; Бисмиллә – Раббым маған берген барлық нәрсеге; Бисмиллә – жеті аспанның Раббысына, жеті жердің Раббысына және ұлы Арштың Раббысына арналады.
«Бисмиллә, Оның ұлы есімімен жер мен көкте еш нәрсе зиян келтіре алмайды. Ол – бәрін Естуші, бәрін Білуші» (3 рет).
«Жер мен көктегі ең ізгі есім – Алланың атымен (бастаймын). Бисмилләмен бастаймын және Онымен аяқтаймын. Алла! Алла! Алла! Алла – менің Раббым, Оған еш серік қоспаймын. Алла! Алла! Алла! Алла – менің Раббым, Алладан басқа құдай жоқ. Алла – мен қорыққан және сақтанған нәрселерден әлдеқайда Ұлы, Даңқты және Үстем».
«Бисмилләһир-рахмәнир-рахим. Қул һуаллаһу ахад. Аллаһус-самад. Ләм йәлид уә ләм йуләд. Уә ләм йәкүлләһу куфууан ахад» (3 рет).
Мен өзімді «Бисмиллә» қазыналарына жасырдым, оның құлыптары – Аллаға деген сенімім, ал кілттері – «Лә қууата иллә биллә». Уа, Аллам, өзіме шамам жететін және шамам жетпейтін нәрселерден Сен арқылы қорғанамын. Жаратушының құдіретінің қасында ешбір жаратылыстың шама-шарқы жоқ.
Маған Алла жеткілікті, Ол – қандай керемет Сенімді Ие! Құдірет пен күш тек Жоғары әрі Ұлы Аллаға тән.
«Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһи әл-Алий әл-Азим» – «Құдірет пен күш тек Жоғары әрі Ұлы Аллаға тән» (3 рет).
материал «Хизб, Имам Науауи» кітабынан алынды,
ummet.kz