13
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

Ешбір адам «мен өзімді-өзім жараттым» дей алмайды

Ешбір адам «мен өзімді-өзім жараттым» дей алмайды

Ислам тарихы

Расында, Алла Тағаланың даналығына шек жоқ. Әр заманда болған кәпірлердің бір-біріне ұқсастығы Қиямет күнін жоққа шығару болғанындай, сөздерінде де айырмашылық болмайды.

Осының барлығы олардың Алла Тағаланың құдіреттілігіне деген күмәннің нәтижесі. Әрбір ақыл-иесі дұрыс пенде өзінің әуелгіде жоқ болып, кейін дүниеге келгенін мойындайды. Ешбір адам: «Ата-анам өзін-өзі жаратқандай мен де өзімді-өзім жараттым» - дей алмайды.

Бір ана, бір әкеден дені сау, көзі көр немесе мылқау сәбилер дүниеге келіп жатыр. Барлық нәрсені өз қалауына бағындырушы Алла Тағаланың барлығына сенбейді екен, Сол ата-ана баласының көзін көретін етіп, мылқау баласын сөйлетіп алмай ма? Дүниеде қанша адам ұрпақ көрмей армандап кетті. Алла Тағаланың жарылқауына мұқтаж емес екенбіз, барлығымыз жабылып: «Ұрпағы жоқтың ұлы немесе қызы болсын» - деп, неге адам өміріндегі ең үлкен бақытқа өзімізше, Алла Тағаланың қалауынсыз себепші бола бермейміз? Алла Тағала қаламаса болмаймыз. Себебі, біз жаратушы емеспіз, жаратылған нәрсеміз. Ал жаратылған нәрсе жарылқаушы құдай бола алмайды. Ақиқат жарылқаушы да, құдай болушы да Алла Тағала. Енді ойланып көріңіз. Жоқтан бар етуші Алла Тағала үшін бар болған нәрсеге жан беруі қиын болыпты ма?

«Адам баласы оны бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ол ашық қиқарлық істейді. Ол өз жаратылысын ұмытып, Бізге басқаны теңейді. «Шіріген сүйекті кім тірілтеді?» - дейді. Мухаммад: «Оны жоқтан бар етіп жаратқан Алла Тағала тірілтеді. Ол барлық жаратылысты Білуші!» - де», ("Ясин" сүресі, 77-79 аяттар).

«Көк пен жерді жаратқан Алла Тағала адам сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте, күші жетеді. Ол әр нәрсені Жаратушы, барлық нәрсені Білуші. Шын мәнінде Ол бір істің болуын қаласа, Оның бұйырығы оған: «Бол!» - деу, сонда ол бола қалады. Барлық нәрсенің билігі қолында болған әрі сендер Ақыретте алдына қайтарылатын Алла Тағала кемшіліктен пәк», ("Ясин" сүресі, 81-83 аяттар).

«Адам баласы ешбір заңға бағынбай бос қоя берілеміз деп ойлай ма? Ол жатырға тамызылған бір тамшы емес пе? Сосын ол ұйыған тамшы болды. Кейін Алла Тағала одан адамды жаратып бейнеледі. Алла Тағала бір тамшыдан ер, әйел етіп екі жыныс жаратты. Осыны жасаған Алла Тағаланың өліктерді тірілтуге күші жетпей ме?», ("Қиямет" сүресі, 36-40 аяттар).

«Мұхаммад! Сен жердің қурағанын көресің. Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде құлпырып, көктеуі Қиямет күні болатындығына Алла Тағаланың дәлелдерінен. Күдіксіз қураған жерді тірілткен Алла Тағала өліктерді де тірілтеді. Өйткені Оның күші әр нәрсеге жетеді», ("Фуссилат" сүресі, 39 аят).

материал «Ақырет күніне иман» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: