Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде сахабаларына:
– Қазір жәннаттық бір адам кіреді, - деп айтты. Сақалдарынан дәреттен қалған суы тапшылап тұрған ансарлық бір сахаба кіріп келді. Келесі күні де Пайғамбарымыз кешегі айтқандарын қайталайды. Сол адам қайтадан кіріп келеді. Үшінші күні де осы жағдай қайталанады. Абдулла ибн Амр ибн Ас әлгі кісінің үйіне барып, не істейтінін білгісі келіп:
– Әкеммен келіспей қалдым, рұқсат берсең, үш күн қонағың болсам деп едім, - деп сұрайды. Онымен бірге үш күн бірге болады. Оның ешқандай артық әрекетін байқамайды. Үшінші күні бұл жасағанының айла екендігін, Пайғамбарымыз айтқан соң не нәрсесі бар екенін білу үшін қызығып келгенін айтады. Әлгі кісі:
– Өзің көргеннен артық ғибадатым жоқ. Бірақ мен ешкімге кек сақтамаймын, ешкімге қызғаныш қылмаймын, - деп жауап береді.
– Бұл – біздің шыдай алмайтын, сенің жеткен дәрежең ғой, - дейді Абдулла.
Пейіліңді дұрыста. Біреуге кек сақтасаң, өзгенің дүниелік мал-мүлкі мен атақ-мансабын қызғансаң, алайда осы бұрыс пейіліңнен арылуға тырыспай, парыздан артық нәпіл ғибадаттарды атқару арқылы жоғары дәрежеге жетемін десең, сен басты нәрсені ұмытып кеттің.
Ол – кең пейіл! Өзгенің барына қуанып, жоғына жаның ауырса, осы пейілің үшін дәрежеңнің мейірімін толық ұғыну мүмкін болмаған Ұлы Раббыңның қалауымен жоғарылайтынын ойлап қуана бер. Адамдарға береке тіле. Береке тілемейтіндей, береке – я сенің мүлкің, я сенің мансабың емес, ол – Алланың ғана мүлкі, тек Ол қалаған құлы ғана берекелі болады.
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz