16
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нығметтің міндеті неде?

Нығметтің міндеті неде?

Ислам тарихы

Тәбиғин Әбу Хазим (рахимаһулла) өзінің бір сөзінде:

«Саған берілген нығмет – сені Аллаға жақындатпаса, онда оның түбі бәлекетке айналуы мүмкін», - дейді.

Осы сөзге байланысты заманымыздың үлкен тәпсіршісі, шейх Шағрауи былай деген: “Аллаға жақындатпаған әрбір ниғмә (нығмет) – “ниқмә” (ашу-ыза, кек). Яғни, басымызға қонған бақты Аллаға жақындау үшін қолданбасақ, оның түбі ауыр сынаққа айналуы бек мүмкін.

Білім берсе, біліміңмен Аллаға жақында. Дүние берсе, дүниеңді ізгілікке жұмсап Аллаға жақында. Күшқуат берсе, күшіңді жақсылыққа пайдалан. Адамдарға жақсылық қыл.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: «Алла кей қауымдарға үлкен нығмет береді. Әлгі нығметтермен басқа құлдарына да пайда берсін деп. Егер әлгі қауым басқаларға пайдалы болуын тоқтатпаса, Алла да оларға нығмет жаудыруын тоқтатпайды. Егер олар пайдалы болудан бас тартса, Алла да оларға берген нығметтерін тартып алып, әлгі нығметтерді басқа адамдарға көшіріп жібереді», - дейді.

материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: