17
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тамақтану әдебі: Тамақты сөкпеу

Тамақтану әдебі: Тамақты сөкпеу

Ислам тарихы

Халқымыз: «Ас – адамның арқауы» демекші, ішіп-жеу – адам баласының тәніне қуат сыйлайтын Жаратушының берген үлкен нығметі. Құранда Алла Тағала: «Уа, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеп әрі салиқалы іс істеңдер» («Муминун» сүресі, 51-аят), - деп бұйырған.

Адам Алла Тағаланың өзіне берген нығметіне әрдайым шүкіршілік ете білуі тиіс. Алдына қойылған асты сөгер болса, Жаратушысының берген несібесіне ризашылық білдірмеген болады. Әбу Һурайра (р.а): «Алланың елшісі (с.ғ.с) ешқандай тамақты жамандаған емес, егер ол оны қаласа жейтін де, ал егер ол оған ұнамаса жемейтін», - деген.

Осы хадиске орай тамақ ұнамаған жағдайда жаман, дәмсіз, тұзды, ащы, қатты деген сияқты сөздермен тамақты әзірлеген адамның ренішін тудыруы мүмкін. Керісінше, көңіліне жаққан тамақты мақтау – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен.

Жәбір (р.а) былай деген: «Бірде Алланың елішісі (с.ғ.с) үйіндегі адамдардан тұздық сұрады, оған: «Бізде сірке суынан басқа тұздық жоқ», - деді. Сонда ол сірке суын алдырды да: «Сірке суы тамаша тұздық, сірке суы тамаша тұздық!» - деп (тамағын) жей бастады» (Муслим (5473). 

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: