07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Әлеуметтік желі әдебі: Тіл-көзден сақтану

Әлеуметтік желі әдебі: Тіл-көзден сақтану

Ислам тарихы

Адам өзінің, бала-шағасының, жақындарының суреттерін желіге жариялаудан, жеткен жетістіктері мен қуаныштарын бөлісуден де сақтанғаны абзал.

Олар үшін шынайы қуанып, ақ пейілін білдіретін жандармен қатар ішінде қызғанышы, жүрегінде көреалмаушылық дерті бар адамдардың да болатынын естен шығармау керек.

Көз тию – ақиқат. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Көз тию - ақиқат. Егер тағдырды озып кететін бір нәрсе болса, ол көз тию болар еді», – деп айтқан (Муслим). Сондай-ақ көздің түйені – қазанға, адамды – қабірге түсіретінін хабардар еткен.

Жанұя жарасымын желідегілермен бөлісем деп, тіл-көздің тиіп кетуіне ұшырап қалып жүрмеңіз. Оның үстіне отбасыңыздың қызықтарын, бала-шағаңыздың бақытты сәттерін жарқыратып желіге жүктегенде оны бір перзентке зар болып жүрген жандар немесе арқа сүйер азаматы жоқ жалғызбасты аналар көріп, көңілдері құлазып кетуі мүмкін екендігін де ескеріңіз. Сол үшін шынайы қажеттілік туындамаса, әрбір дүниені суретке түсіріп, желіге жүктей беруден сақ болған жөн. Әсіресе, сәбилерді жұрт көзінен барынша жасырын ұстау олардың тіл-көзден аман болуына үлкен сеп болмақ.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: