Мешітте дауыс көтеріп сөйлеу – мәкруһ. Мешітке барған адам ол жер Алла Тағаланың үйі екенін ескеріп, әрі ғибадат жасаушы басқа да мұсылмандарға кедергі келтірмейтіндей бәсең дауыспен сөйлегені жөн.
Сайб ибн Иазид деген кісі былай дейді: «Мешітте тұрған едім бір кісі мені таспен ұрып түртті, қарасам Омар ибн Хаттаб екен. Ол кісі маған: «Анау екеуін шақырып келші» - деді. Ол екеуін оған алып келдім. Сонда Омар ол екеуіне: «Кімсіңдер» немесе «Қайдан боласыңдар», - деді. Олар: «Тайф елінен боламыз», - деді. Оларға Омар: «Егер сендер қаламыздан болғандарыңда (яғни, Медина қаласының тұрғындары болғандарыңда), Алланың елшісінің мешітінде дауыстарыңды көтеріп сөйлегендерің үшін, қаттырақ ұрып ескертер едім» - деді. (Бухари).
Алайда уағыз-насихат айту, білім үйрету мақсатында дауысты көтерудің ешқандай айыбы жоқ.
материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz