19
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әбу Бәкірге (р.а) «Сыддық» есімінің берілу себебі

Әбу Бәкірге (р.а) «Сыддық» есімінің берілу себебі

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) миғраж оқиғасынан кейін Қағбаның жанына барып, халыққа миғражын айтып береді.

Оны естіген кәпірлер оны мазақ етті: «Мұхаммед ақылынан адасыпты» деді. Мұсылман болуға ниеттеніп жүргендер де райларынан қайтты. Кәпірлердің біразы қуанып, Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) үйіне барды. Өйткені, оның ақылды, тәжірбелі және абыройлы саудагер екенін білетін.

Олар: «Ей Әбу Бәкір! Сен Құдысқа көп барасың. Меккеден Құдысқа барып келуге қанша уақыт кетеді?» деп сұрайды.

Әбу Бәкір: «Бір айдан көп» дейді. Кәпірлер бұған қуанып: «ақылды адамның сөзі осындай болады» дейді.

«Сенің досың Құдысқа бір түнде барып келдім дейді» деп, Әбу Бәкірге құрмет көрсетеді.

Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) Расулулланың атын естіген соң: «Егер Ол айтса, дұрыс айтқан, сенемін! Бір сәтте барып келген!» деп ішке кіреді.

Кәпірлер не болғанын түсінбей қалады. Сосын: «Әй, Мұхаммед, қандай сиқыршы едің, Әбу Бәкірді сиқырлап тастапты» дейді.

Әбу Бәкір дереу киініп, Расулулланың қасына барады. Топ адамның арасында тұрып: «Ей Расулалла! Миғражыңыз құтты болсын! Алла Тағалаға шексіз шүкіршілік етемін. Бізді сіз сияқты ұлы пайғамбарға қызмет етуге бұйырды. Сіздің жарқын жүзіңізді көріп көңілді жаулайтын сөздеріңізді естуді бұйырды. Ей Расулулла, сіздің барлық сөзіңіз шын, ақиқат. Мен сенемін. Жаным сіз үшін пида» дейді.

Әбу Бәкірдің сөзіне кәпірлер таң қалысты. Айтатын сөз таппай, тарай бастады. Күмәні бар, иманы әлсіз адамдардың жүрегіне сенім ұялатты. Расулулла (с.ғ.с) сол күні Әбу Бәкірге “Сыддық” деген есім тағады.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: