05
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Имамға ұю керек, ол сол үшін имам қылынған

Имамға ұю керек, ол сол үшін имам қылынған

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс боларының алдындағы науқас кезінде, отырып имамдық қылатын еді. Ибн Масғуд (р.а.) айтты:

«Намаз оқушы басын имамнан бұрын көтерсе, қайтып түсіреді де, имам басын екінші рет көтергенше күтіп тұрады, кейін имамға ілеседі»,- деді. Хасан Басрий (р.а.) айтты: «Имаммен бірге екі рәкат оқып, сәжде ете алмаған адам соңғы рәкатта, екі рет сәжде етеді. Кейін бір рәкатты қайта оқиды. Сәжде қылуды ұмытып, орнынан тұрып кеткен адам қайта отырып сәжде қылады»,- деді.

Ғубайдулла ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Айша анамыздың (р.а.) алдына кірдім «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ауыр науқастанып жатқан кездері туралы айтып берсеңіз!»,- деп өтініш қылдым. Айша анамыз (р.а.): «Мейлі»,- деп айта бастады: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қатты науқастанып қалғанында: «Адамдар намаз оқыды ма?»,- деп сұрады. Біз: «Жоқ, сізді күтуде»,- дедік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): « Маған астауға су құйып беріңіз!»,- деді. Біз айтқанын қылдық.. Ол кісі толық жуынып тазаланып, орнынан тұрмақшы болып еді, күш-қуаты кетіп, есінен танып қалды. Есін жиған соң: «Адамдар намаз оқыды ма?»,- деп қайтадан сұрады. Біз: «Жоқ, сізді күтуде»,- дедік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): « Тағы да маған астауға су құйып беріңіз!»,- деді. Біз айтқанын қылдық.. Ол кісі толық жуынып тазаланып, орнынан тұрмақшы болып еді, күш-қуаты кетіп, есінен және танып қалды. Есін жиған соң: «Адамдар намаз оқыды ма?»,- деп қайтадан сұрады. Біз: «Жоқ, сізді күтуде»,- дедік «Адамдар мешітте жамағат лық толы. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құфтан намазына шығуын тосуда. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Бәкірге (р.а.) имамдық қылуды бұйырды. Бір кісі барып, Әбу Бәкірге (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сізге жамағатқа имамдық етсін деп бұйырды»,- деді. Әбу Бәкір (р.а.) көңілі жұмсақ адам еді. Сол үшін де Хазреті Омарға (р.а.): «Сіз имамдық қылыңыз!»,- деді. Сонда Омар (р.а.): «Өзіңіз бұған менен гөрі хақылысыз!»,- деді. Әбу Бәкір (р.а.) сол күні жамағатқа имамдық етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзін біраз жеңіл сезініп, екі кісінің (оның бірі Аббас болатын) көмегімен намазға шықты. Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көріп, артқа шегініп орын босатпақшы болды. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Артқа шегінбе, орныңнан қозғалма!»,- деп ишара қылды. Кейін Аббасқа (р.а.): «Мені қасына өткізіңіз!»,- деді. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Әбу Бәкірдің (р.а.) жанына өткізді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) отырып намаз оқыды. Әбу Бәкір (р.а.) тік тұрып Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйыды. Жамағат болса Әбу Бәкірге (р.а.) ұйыды»,- деді.

ҒҒубайдулла (р.а.) риуаят етті: Абдулла ибн Аббастың (р.а.) алдына кіріп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) науқастанған кезі туралы Айша анамыздың (р.а.) маған айтып бергенін сізге айтайын ба?»,- дедім. Ол: «айт!»,- деді. Мен айтып бердім Бірер сөзімді қайтармады. Бірақ: «Атам Аббаспен бірге болған екінші кісінің атын саған айтты ма?»,- деп сұрады. Мен: «Жоқ»,- дедім. Ол: «Әли ибн Әбу Талиб»,- болатын»,- деді. 

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) науқас болғандығынан үйде намазды отырып оқыды. Ал артында ұйып тұрғандар тік тұрып оқыды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларға: «Отырыңдар!»,- деп ишара қылды. Намаздан кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Имам ұю үшін имам етілген, егер ол рүкүғ қылса, сендер де рүкүғ қылыңдар, рүкүғтен басын көтерсе, сендер де бастарыңды көтеріңдер, отырып намаз оқыса, отырып намаз оқыңдар!»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аттан жығылды, оң жағы сырылып кетті. Намазды отырған күйі оқыды. Сонда бізде отырып оқыдық. Намазды оқып болған соң бізге бұрылып: «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер ол тік тұрып оқыса, тік тұрып оқыңыз, рүкүғ қылса, сідерде рүкүғ қылыңыздар, рүкүғтен бас көтерсе, бас көтеріңіздер, «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкалхамд»,- деп айтыңыз. Егер тік тұрып оқыса, сізде тік тұрып оқыңыз, егерде отырып оқыса сендерде отырып оқыңдар!»,- деді. Имам Бұхарий (р.а.) айтты: «Имам отырып оқыса, отырып оқыңыз!»,- деген сөздерін науқас кезінде айтқан. Соңғы ауыр науқастанғанында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) отырып намаз оқыған, ал адамдар тік тұрып оқыған, оларға отыруды бұйырмаған. Соңғысы есепке алынады, өйткені соңғысы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) табиғатына лайық»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: