Тамақтанып болған соң мына сөздері айту қажет:
«Әлхамду лилләһил-ләзи ат-ъамәни һәзә, уә разәқаниһи, мин ғайри хаулим-минни каеуә лә қууәһ»
(Менен ешқандай күш-қуат талап етпей, мені тамақтандырып, ризықтандырған Аллаға шүкір).
Құранда Алла Тағала былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) Айт: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көреді әрі күнәларыңды кешіреді. Өйткені, Алла – аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімді» деп». («Әли Имран» сүресі, 31-ші аят).
Хадисте: «Менің сүннетіме ілескен адам – мені шын жақсы көретін және менімен жұмақта болатын адам» (Тирмизи) делінген.
Олай болса, біз күнделікті өмірдің әрбір сәтінде, әрбір амалында Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ілесуіміз керек. Мұнда сөзсіз табыс пен береке бар.
материал «Мұхтасар Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz