Меню

26
Сәрсенбі,
Наурыз
26
Рамазан
1446 һижри

Қадір түні құлшылық жасау – иманнан

Қадір түні құлшылық жасау – иманнан

Ислам тарихы

Алла Тағала адам баласын Өзіне құлшылық етсін деп жаратқан. Олай болса, Ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнінде Аллаға жақындататын төмендегідей амалдарды жасаған абзал деген.

  1. Бұл түнде Алланың рызашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.
  2. Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойылып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс.
  3. Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үмметінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт.
  4. Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең  тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, көңілге ұялаған кір мен күмәннан арылуыға тиістіміз.
  5. Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағлұмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру  керек. Әсіресе, адам өз-өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым-қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.
  6. Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақтанып, қайырлы істерді жасауға құштар болуы шарт.
  7. Алланы зікір етіп, Ұлы Жаратушының шексіз құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларына ой жүгіртіп, Алланы еске алумен жүрекке тыныштық ұялатуға барынша әрекет жасап, иманымызды күшейтуіміз қажет.
  8. Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер десек болады.
  9. Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.
  10. Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадір түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, Ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.

Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім Қадір түнін Алланың сауабына иман келтірген және үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі» (Әл-Бухари 38, Муслим 760).

Айша (р.а.) Пайғамбарымыздан (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп сұрағаны баяндалады: «Уа, Алланың елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» Ол: «Уа, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», – деп айт» (Әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким. Имам Әбу `Иса әт-Тирмизи, әл-Хаким хадисті сахих деген. «Сахих әл-жәми’» 4423), – деді.

материал «Мүбәрак Рамазан» кітабынан алынды,

ummet.kz