Меню

01
Сейсенбі,
Сәуір
3
Шәууәл
1446 һижри

Ілім мен амалдың көбеюіне ғана қуаныш білдір

Ілім мен амалдың көбеюіне ғана қуаныш білдір

Ислам тарихы

Ілім мен амалдың көбеюіне ғана қуаныш білдір, өйткені олар сенің қабірдегі жалғыз серіктерің болады. Ал отбасың, малың, балаларың және достарың ол жерде сенімен бірге болмайды.

Сондықтан ілім ізденуде шынайылыққа ұмтылып, өзіңді осы жолға арна. Ілімді жаттап алу үшін емес, оның мәнін түсіну үшін ізден. Біліп қой, ілім іздену үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кім ілімді адамдардың назарын өзіне аудару, билік иелерімен жақындасу, қатарластарынан үстем болу немесе дүниелік пайданы көбірек жинау мақсатында іздесе оның саудасы тоқырап жауапкершілікті талап етеді. Кім ілімді адамдардың назарын өзіне аудару, билік иелерімен жақындасу, қатарластарынан үстем болу немесе дүниелік пайданы көбірек жинау мақсатында іздесе, оның саудасы тоқырап, келісімі зиянға ұшырайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім ілімді ғалымдармен мақтану, ақылсыздармен таласу немесе адамдардың назарын өзіне аудару үшін іздесе, Алла оны тозаққа кіргізеді,» – деген». «Сондықтан ілімді ізденуде бел шеше кіріс: зертте, үйрен, үйрет. Жалқаулық пен жалығудан аулақ бол. Әйтпесе, сен адасу қаупіне тап боласың. Алла Тағала сақтасын!»

Бізге ілімде терең білімді, амал етуімен ерекшеленген имам Әбу Исхақ Исфараиниден (Алла оны рақымына алсын) мынадай сөз жеткен: «Мен Алладан отыз жыл бойы шынайы тәубе нәсіп етуін сұрадым. Содан кейін ішімнен таңырқап: “Субханалла! Мен Алладан бір қажеттілігімді отыз жыл сұрасам да, әлі орындалмады,” – деп ойладым. Сол түні түсімде біреу маған: “Сен бұған таңғаласың ба? Сен Алладан не сұрағаныңды білесің бе? Сен Алладан Өзінің саған махаббатын нәсіп етуін сұрадың. Ал Алла Тағала: «Расында, Алла тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 222-аят) деп айтқанын естімеп пе едің? Бұл жеңіл нәрсе ме?” – деп айтты». Енді осы имамдарға қарашы: олардың жүректерін түзетуге, ақыретіне дайындалуға деген талпыныстары мен үздіксіз ықыластары қандай болған...

материал «101 даналық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: