Саған дұғаңда былай деп айтуды ұсынамын:
«Уа, Алла! Маған ақиқатты ақиқат етіп көрсетіп, оны ұстануды нәсіп ет. Маған жалғанды жалған етіп көрсетіп, одан алыс болуды нәсіп ет».
Бұл дұға, әсіресе, соқыр еліктеудің төмендігінен жоғары көтерілуді көздеп, бірақ түсінікке жету жолында қауіпті таңдаған адамға өте қажет. Егер Алла оған ақиқатты ақиқат етіп көрсетпесе, оның бар талпынысы бос әуре болады.
Егер білгенімен амал етуге мүмкіндік бермесе, оның еңбегі текке кетеді. Мұндай жағдайда білімі оны надандығынан артық етпейді, ал құлшылығы күнәсімен тең болады.
Сондықтан Алладан құтылуы мүмкін емес ауыр қателіктерден және шығуы жоқ терең шұңқырға түспеуден пана сұраймыз.
материал «101 даналық» кітабынан алынды,
ummet.kz