Меню

20
Жексенбі,
Сәуір
22
Шәууәл
1446 һижри

Ілім қалай жоғалады?

Ілім қалай жоғалады?

Ислам тарихы

Язид ибн Үмәйра (р.а.) жеткізген екен:

Сахабалардан Муаз ибн Жәбәлдің (р.а.) әл үстінде жатқан кезі. Жұрт тегіс жиналып жылап отырады. Муаз (р.а.) олардан:

– Неге жылайсыңдар? – деп сұрайды.

– Сенімен бірге кететін ілімді жоқтап жылаймыз.

– Ілім мен иман жоғалмайды, қияметке дейін қалады. Кім ізденсе, бұл екеуін табады. Бұлар Құран мен сүннетте тұнып тұр. Ілімді басқадан емес, Омар, Осман, Алиден (р.а.) алыңдар. Ақиқатты кім айтса, мойындаңдар. Өтірікті кім айтса, одан бойларыңды аулақ салыңдар, – деп халықты жұбатты.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: