Хазіреті Әбу Һурайра (Алла одан разы болсын) Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді:
«Кімде-кім онымен Құдіретті және Ұлы Алланың дидарын қалайтын ілімді тек қана онымен дүниелік табысқа қол жеткізу үшін үйренсе, Қиямет күні жәннаттың иісін де иіскемейді» Әбу Дәуд (3664), ибн Мәжә (252), Ахмад (8457)
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Іілімнің артықшылығы маған құлшылықтың артықшылығынан сүйіктірек, әрі діндеріңнің абзалы – уарағ (әр істе Алладан қорқып, күмәнді заттардан сақтану)» (Мустадрак әл-Хаким (1\170), (314), әл-Жамиғ а-әс-Сағир Имам Суютий (5846)
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz