24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Алла Тағалаға серік қосудан сақтану дұғасы

Алла Тағалаға серік қосудан сақтану дұғасы

Ислам тарихы

Алла Тағалаға серік қосудан сақтану дұғасы:

«Аллаhумма инний ағуузу бика ән-ушрика бика уә әнә әғләму, уә әстағфирука лимәә ләә әғләму»

Мағынасы: «Аллаһым! Мен біле тұра Саған серік қосудан сыйынамын, білмеген нәрселерімнен Сенен кешірім сұраймын».

Хазіреті Омар (Алла Одан разы болсын) былай дұға жасайтын еді: «Аллаһумма иж‘ал ‘амалий кулләһу салихан, уәж‘әлһу ли-уәжһикә халисан, уә ләә тәж‘әл ли-әхәдин фийһи шәй-ән»

Мағынасы: «Иә, Алла! Менің амалымның барлығын ізгі қыл, жалғыз Өзің үшін ықыласты қыл. Сол істеген амалымда ешбіреуге несібе қойма»

Ықыласпен дұға қылсаң, Алла Тағала дұғаларға жауап беруші. Алла Тағала бізді Өз мейіріміне алып, үлкен-кіші және жасырын ширктен сақтасын!

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: