16
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылманның риясы және мұнафиқтың риясы

Мұсылманның риясы және мұнафиқтың риясы

Ислам тарихы

Рия (көзбояушылық) екі түрлі болады: мұсылманның риясы және мұнафиқтың риясы

Мұсылманның риясы

Мысалы, мұсылман кісі өз намазын жұрт қарап тұрғаны үшін әдемі етіп оқи бастайды. Немесе естіген ел мақтасын деп Құранды әдемі дауыспен, созып оқи бастайды және т.б. Мұның бәрі кіші ширкке жатады.

Мұнафиқтың риясы

Бұл діннің негіздеріндегі көзбояушылық. Кісі өзін сырттай мұсылман қылып көрсетіп, іштей кәпір күйінде қала береді. Ондай кісілердің сипаты туралы Алла Тағала былай деген: «Мұнафиқтар Алланы алдамақшы болады. 

Негізінен, Алла оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқиды, әрі олар Алланы өте аз еске алады» ("Ниса" сүресі (142). Сонымен қатар, рия кейде бүкіл амалды жойып жіберуі мүмкін, ал кейде амалдың бір бөлігін ғана жоқ қылуы мүмкін.

- Егер кісі әу бастан іштей «адамдар көрсін, мақтасын» деп Аллаға құлшылық қылса, оның сол амалы толықтай жойылып кетіп, еш сауап алмайды. Мәселен, кісі намаз оқығысы келіп тұрған жоқ, бірақ жұрт оған қарап тұрғандықтан, тұрып намаз оқи бастайды. Міне, осы – рия. Мұндай намаз есептелмейді, әрі ол сауаптан құр қалады.

- Кейде кісі тек Алла разылығы үшін деп құлшылығын бастайды, кейін сол құлшылықты істеп жатқан кезде жүрегіне рия кіреді. Мұндай кісінің құлшылығының адамдар үшін қосқан бөлігі жойылып кетеді, есептелмейді. 

- Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) таухид ұстанатын мұсылмандар үшін осы ширктің түрінен қауіптенген. Өйткені, таухидті ұстанатындар үлкен ширк істемейді, алайда олар үшін кіші ширктің қаупі бар. Кіші ширк ниетте, сөздерде, кейде амалдарда да болып қалып жатады.

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: