Құранда Алла шынайы ықыласты болуға шақырған аяттар бар ма?
«Әйтпесе оларға да хақ дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне келтіріп, ақсатпай уақытылы оқу және зекеттерін толық өтеу бұйырылған еді. Нағыз тура, мінсіз дін, міне, осы!» ("Бәйинә" сүресі, 5-аят).
Рия жайлы: «...Ендеше, кімде-кім Раббысымен қауышуды үміт етіп, қаласа, игі істер істесін һәм Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді (және еш нәрсені) серік етіп қоспасын», – деп айт» - ("Кәһф" сүресі, 110-аят).
Ал екіжүзділер жайлы: «Олар намазға тұрғанда, кежегесі кейін тартып, еріншектеп әрең тұрады һәм құлшылықты мүміндерге көз қылып жасайды. Сондай-ақ Алланы өте аз еске алады» ("Ниса" сүресі, 142-аят)
«Жорыққа аттанғанда, шаһардан (немесе ауылдан бір өзі бәрін қырып-жоятындай болып) маңғазданып, ел-жұртқа көз қылып шыққандар мен ел-жұртты Алланың жолынан қақпайлайтындар секілді болмаңдар. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенін шексіз ілімімен толық қамтып білуші һәм шексіз құдіретімен толық қамтып бақылауында ұстаушы» ("Әнфал" сүресі, 47-аят).
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz