Жүректі көркем ахлақпен безендіріп, жаман ахлақтан қорғау – мәңгілік бақыттылық пен сәлемет үшін аса қажетті болғаны сияқты өте ауыр іс екендігі де шындық.
Көрнекті тасаууфшылардың бірі Әбу Хашим Суфи: «Жүректе орныққан тәкаппарлықты шығару, тауды инемен қазудан да қиын» - деген.
Әбу Бәкір әл-Қаттани болса: «Тасаууф – ахлақ. Ахлақ жағынан сенен жоғары адам, рухани тазалық жағынан да жоғары» - дейді. Адамзат тарихы, пайғамбарлардың көптеген теңдесіз көркем ахлақи іс-әрекеттеріне толы. Осының ең тамаша мысалдарының бірі – Хазіреті Юсуф (аләйһиссәләм).
Ол аят кәримада айтылғанындай, өзіне айқын түрде зұлымдық жасаған ағаларына: «…Бүгін сендердің кемшіліктеріңді беттеріңе басып айыптамаймын. Алла сендерді кешірсін! Ол мейірімділердің мейірімдісі» ("Юсуф" сүресі 92-аят) деп, кешірімділіктің шексіз бір үлгісін көрсеткен.
Хазіреті Мәулана әдеп хақында былай дейді: «Мырзам! Біліп қой, әдеп – адамның тәніндегі рух. Әдеп – әулиенің көзі мен көңілінің нұры. Егер шайтанның көзін жойғың келсе, көзіңді ашып қара, шайтанды құртатын – әдеп. Адам баласында әдеп болмаса, ол шындығында адам емес. Әдеп – адам мен хайуанның арасындағы айырмашылық».
Екінші бір шумағының мағынасы мынадай: «Ақылым жүрегімнен: «Иман деген не?» - деп сұрады. Жүрегім ақылымның құлағына иіліп: «Иман дегеніміз – әдеп» - деді».
Тағы бір ақын әдепті: Әдеп бір тәж екен Құдай нұрынан, Ки сол тәжді, аман бол әр пәледен - деп түсіндірген. Осы себепті бұрынғы медресе мен дәрісханалардың бірден-бір ескерту жазбаларының бірі де: (әдеп уа, һу!) еді.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz