Ибн Аббас (Алла одан разы болсын) айтты: «(Үйренген) ілімімді түннің бір бөлігінде қайталау, маған (ол уақытты) құлшылықпен өткізуден сүйіктірек»
Муғаз ибн Жәбәл (Алла одан разы болсын) айтты: «Ілім үйреніңдер! Расында, оны Алла разылығы үшін үйрену – ізгі амал, оны іздену – құлшылық, оны талқылап, қайталау – тасбих».
Әз-Зухри (Алла одан разы болсын) айтты: «Егер Айша анамыздың (Алла одан разы болсын) ілімі мен барлық мүмін аналарымыздың және барлық әйелдердің ілімі қосылса (және салыстырылса), шүбәсіз Айша анамыздың (Алла Одан разы болсын) ілімі абзал болар еді» (Сияру Әғләм ән-Нубәлә (2/141)
Әш-Шәфиғи (Алла одан разы болсын) айтады: «Ілім іздену нәпіл намаздан абзал»
Мәлик ибн Динар (Алла одан разы болсын) айтты: «Кімге оны басып тастайтын білім берілмесе, одан алынған нәрсе оған пайда бермейді». Яғни, бұл насихаттан мынаны түсінеміз: «Кім ілім ала отырып, өзінің нәпсісін баса алмайтын болса және іліміне сай амал жасамаса, оның ілімінің өзіне шаң тозаңындай да пайдасы болмайды».
Ибн Жаузий (Алла одан разы болсын) айтты: «Біліп қой! Шайтан адамдарға кіретін (яғни, азғыратын) ең үлкен есік – надандық (ілімсіздік)». Мұнда, ислами ақиқат ілімнен алыс адамдар шайтанның алдауына түсіп кетуі оңай болатындығын айдан анық аңғарамыз.
Заһри (Алла одан разы болсын) айтты: «Наданға ілім амалдан артық, ал ілімдіге амал білімнен артық».
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz