Сахабалардың біреуі:
«Уа, Расулалла! Ислами үкімдер көбейді. Маған Алланың ризашылығы мен ақырет бақытына оңай қол жеткізетін бір нәрсе үйрет. Соны істейін» дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Тілің Аллаһ\ зікірімен үнемі сулы болсын» (Тирмизи, Дәауат, 4; Ибн Маже, Әдеп, 53) - деген.
Алланы зікір ету Алла сөзін қайталаудан ғана тұрмайды. Зікір тек сезу қабілетінің орталығы болып табылатын жүректе орныққан кезде ғана ниет пен амалдардың белгілі дәрежеге жетуіне себеп болады. Осындай зікір құлдың «әлмисақтан «Иә! Сен біздің Раббымызсың!» деп, Алла Тағалаға берген сезінде тұруы және сол сөзге сенімділіктанытып, Раббысын ешқашан ұмытпауы деген сөз. Зікірден ғапыл қалу өте қауіпті болғандықтан Алла Тағала құлдарына бұл жайында көптеген ескертулер жасаған.
Тіпті, Хазіреті Мұса мен Хазіреті һарунды (аләйһимәссәләм) пайғамбар болғанымен Алла Тағала оларды Перғауынға жіберген кезінде: «Сен бауырың екеуің бірге аят кәримәлерімді жеткізіңдер. Мені еске алуда селқостық істемеңдер» ("Таһа" сүресі 42) - деп, оларға да осы ескертуді жасап, осылайша біздерге бір өнеге мен ғибрат болуын қалаған.
Мүмин кеңілдердің ғапылдық қараңғылығынан қүтылып, иләһи ризашылыққа жете алатын сезімталдыққа жетуінің бірден-бір жолы үнемі зікір етуден өтеді. Бұл белгілі бір уақыт немесе белгілі бір мерзім емес, өмір бойы әрбір дем алып, дем шығарғанда Алланы зікір ету сезіміне ие болумен іске асатыны сонша, тек осы арқылы ғана рухани сергектік пайда болады. Алла Тағала Құран Кәрімде «Иман етушілердің Алланың зікіріне, Одан түскен Құранға жүректері үрейленетін уақыт әлі келген жоқ па?...» ("Хадид" сүресі 16) - дейді.
Бұл аятта Меккеде қиыншылық пен қорлықта емір сүрсе де, һижрәттен соң мол ризық пен нығметке жетіп, босаңсыған кейбір сахабаларды ескерту үшін түскен. Сондықтан біз де Раббыға шексіз сүйіспеншілікпен қарап, дүниеуи ашкөзділік пен фәни пайдалар жоя алмайтын рухани сергектікке жетуге тырысуымыз қажет. Өйткені сүйген адам сүйіктісін жүрегінен тастамайды, ешқашан есінен шығармайды. Сүйіспеншілігі жоқ жүрек қүнарсыз топырақ сияқты. Батырлық – сүюде. Өйткені жаратылыстың себебі махаббат. Алла Тағаланың өз затына деген махаббатының себебімен өзгелер танып, білсін деп, осы әлемді жаратқан. Сүйіспеншіліктің мәртебесі сүйіктінің жолында жасалған жанқиярлықпен өлшенеді. Міне, таңсәріде оянып, Хақ Тағалаға мінәжат ету де осы жағдайдың айқын мысалы.
Мүминдердің үздіксіз түрде Алланы зікір ету сезіміне ие болулары керек. Сондай-ақ зікірдің ең берекелі уақыты «таңсәрі» уақыты. Алла Тағала түннің осы бір бөлігінде жасалған зікірге басқа уақыттағылардан артық мән береді. Өйткені таңсәріде зікір және ғибадатпен айналысу басқа кездерден қиынға түседі. Сол себепті таңсәріде зікір етіп, құлшылық жасау пенденің Раббысына деген шынайы сүйіспеншілігі мен тағзымының белгісі.
материал «Ақтық дем» кітабынан алынды,
ummet.kz