24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Адам достарының дінімен жүреді

Адам достарының дінімен жүреді

Ислам тарихы

Достық, жағымды немесе жағымсыз қасиеттердегі ортақтықтардан туындайды. Шынайы достық болса тек шынайы рухтарда өмір сүреді. Бұл сипатқа адам түлғасының ең жоғарғы сатысында жолығады.

Достық әр жағдайда екі адамның бірдей сезімге ие болуынан туады. Нағыз достық - екі көңіл арасындағы байланыс желісі. Осы желімен яғни махаббат ағымының нәтижесінде сүйілген адамның әрбір халі сүйген адамға жетеді. Көңілдегі сүйіспеншілік дариялары буырқанып, ынтықтықтың күні алаулана бастайды.

Рух әлемінің шексіз сырлары мен тылсымдары бар. Бұлар тән мен қоғамның қалыбына кірмейді. Достық - рухтың түбінен келген сүйінші, бір аян. Хира үңгірінде алғашқы уахиды қарсы алған Хазіреті Пайгамбардағы иләһи ғашықтық пен достық, кейінгі уақытта оны сүйіктісінің миғражына үлы құзырға шығарған. Адам баласын жалғыздықтан құтқаратын достық, иләһи бір сый. Адам мен (алейһиссәләм) Хауа анамызға дүниеге түсірілгеннен кейін қырық жыл бөлек жерлерде өмір сүргізіп, достық қасіретін тарттырған. Достық бейне бір рухты екіге бөліп, езінің жартысын алдында көру халі.Хадис шәрифте: «Адам достарының дінімен жүреді. Сол себепті әрбір адам кіммен кіммен жолдас болғандығына жақсы қарасын» (Ахмед бин Ханбал, II, 303, 334) делінуімен қатар: «Адам сүйгенімен бірге» (Бұхари, Әдеб, 96) сөзі достықтағы тамырға дейін кіретін әсер мен әсерленуді білуге жеткілікті.

Екінші жағынан бұл хадистер мына жәйтті да баяндайды: Бір адамның сүйгенімен бірге болуы деген сөз онымен сөзде, негізде және іс-әрекетте бірдей сезім, ой, үстанымда болуы, яғни сүйгенін көрсететін ұқсастықтар мен бірліктің болуы деген сөз. Әйтпесе, сөзі, іс-қимылы мен сезімі үнемі тікендермен бірге болған адамның гүлді сүйетіндігін айтуы, қаншалықты рас болар. Сол сияқты, сана-сезімімен, іс-қимылымен,’ көңілімен Алла (жәллә жәләлүһү) және оның үлы Расулымен бірге болмагандар нағыз сүйіспеншілік иесі болып саналмайды.

материал «Ақтық дем» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: