Уағызшының бірі мінбеде қабірдегі жағдай туралы Шейх Шибли де бар болатын. Уағызшы үгітінің соңына қарай Алла Тағала қабірде жатқан пендесіне қоятын сұрақтар туралы айта бастады:
«Біліміңді қалай пайдаландың? Мал-мүлкіңді қайда жұмсадың? Өміріңді қалай өткіздің? Ғибадаттарың қандай халде? Харам мен халалға(адалға) бекем өмір сүрдің бе? – деп сұралады! Мыналар сұралады, осылар сұралады!» - деп, әңгімесін ұзақ айтты.
Осыншама егжей-тегжейлі түсініктеме берілгенімен мәселенің негізіне көңіл аударылмағанын көрген Хазіреті Шибли уағызшыға қарап:
«Ей, уағызшы мырза! Сұрақтардың ең маңыздысын ұмыттың! Алла Тағала: «Ей, құлым! Мен сенімен бірге едім, сен кіммен едің?»,- деп сұрайды»,- деген екен. Мәселені бұл тұсымен қолға алғанда Ислам дегеніміз – «Сендер қайда болсаңдар да, Ол сендермен бірге!» деген аятты сезіне өмір сүріп, Оған қауышу. («Хадид» сүресі, 4-аят)
Сондықтан Ислам – Аллаға деген махаббат және Оған мойынсұну негізімен мәңгілік сәлеметтің және Аллаға қауышудың жолы. Жер жүзінің және аспанның түзетілуі және тәртіпке салынуы бір Аллаға бағынуға байланысты. Адам баласында құлшылық пен бағыну болмаған жағдайда Алланың мейрімі ашу (ғазап) көріністеріне ауысады. Көркем аятта былай айтылады: себебінен құрлықта да, теңізде де бұзылушылық көріне бастайды да, Алла адамдардың істегендеріне орай, олардың кейбіреулеріне жазаның дәмін татқызады; мүмкін сонда олар теріс бағыттарынан бұрылар». («Рум» сүресі, 41)
материал «Ислам. Иман. Ғибадат» кітабынан алынды,
ummet.kz