14
Сенбі,
Маусым

һижри

Пенде қабірге қойылған соң оған екі періштенің сұрақ қоюы

Пенде қабірге қойылған соң оған екі періштенің сұрақ қоюы

Ислам тарихы

Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын). Ол:

«Алла елшісі (с.а.с.): «Расында, пенде қабіріне қойылып, жолдастары одан бұрылып кете бастағанда, (мәйіт) олардың кебістерінің дыбысын естиді»;

«Екі періште келіп, оны отырғызып: «Мына кісі (Мұхаммед) жөнінде не айтушы едің?» – деп (сұрайды)»;

«Мүмін болса: «Ол – Алланың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін», – дейді»;

«Оған: «Тозақтағы орныңа қара, Алла сен үшін оны жәннаттағы орынға ауыстырды», – деп айтылады»;

Алланың пайғамбары (с.а.с.): «Сөйтіп, ол бұл екеуінің әрбіреуін көреді», – деп айтты», – деген.

Қатада: «Бізге оның қабірінің жетпіс кез кеңейтілетіні және оған (адамдар) қайта тірілер күнге дейін жасыл желек толтырылатыны айтылды», – дейді (2870/70).

Алла Тағаланың «Алла иман келтіргендерді дүние тіршілігінде және Ақыретте мықты сөзбен бекітеді» деген сөзі және оның қабірге қатыстылығы жайлы Бара ибн Азибтан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Алла иман келтіргендерді мықты сөзбен бекітеді»;

«Бұл (аят) қабір азабына қатысты түсті. (Қабірде мәйіттен): «Раббың кім?» – деп (сұрайды). Ол: «Раббым – Аллаһ, ал пайғамбарым – Мұхаммед» – деп (жауап береді). Аса Құдіретті әрі Ұлы (Алланың): «Алла иман келтіргендерді дүние тіршілігінде және Ақыретте мықты сөзбен бекітеді» деген сөзі осы», – деп айтқан (2871/73).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: