16
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқыса…

Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқыса…

Ислам тарихы

Әбу Масғуд әл-Бәдриден (р.а.) жеткен хадисте:

«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқыса, осы екі аят ол үшін жетіп асады», – деп айтты» – делінген (Бұхари, фадайлул-Құран 10; Муслим, салатүл-мусафирин 255).

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. Расында, шайтан ішінде әрдайым «Бақара» сүресі оқылатын үйден қашады», – деп айтты» – делінген (Муслим, салатүл-мусафирин 212). 

Уқба ибн Əмир айтқан: Алла елшісі (с.ғ.с) былай айтқанын естідім:  "Бақара" сүресінің соңғы екі аяттарын оқыңдар, расында Раббым оларды тақтын астынан сыйға берді". [Ахмад "Муснад" 28/561 (17324), Абу `Убайд 124б]

Хузейфадан жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с) айтқан: "Бақара" сүресінің соңғы екі аяты маған тақтын астынан болған қазынадан берілді, ол менен бұрынғы ешбір пайғамбарға берілмеген еді". [Ахмад "Муснад" 38/287 (23251), ан-Наса`и "Сунан əль-Кубро" 8022, əт-Табарани 3025, əт-Табарани "əль-Аусат" 4145, əль-Байһақи 2399]

материал «Тақуалар бақшасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: