Жауын-шашынға лағынет айтуға болмайды, бірақ, кесірінен Аллаға сиынуға болады.
Убәй ибн Кәғб (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Желге (басымызға бәле әкелді деп) тіл тигізбеңдер. Желдің райы ұнамаған жағдайда оның Иесі болған Алла Тағалаға: «Уа, Алла Тағалам! Бір Өзіңнен мына желдің жақсылығын (яғни, артынан жауын жауып жерге, егістікке пайдасы тисе екен деп) тілейміз әрі оның ішіндегі көптеген ныметтердің және оған не бұйырылған болса, соның да біз үшін қайырлы болуын сұраймыз. Сондай-ақ, мына желдің кесірінен әрі оның ішіне бүккен жамандықтарынан және оған не бұйырылған болса, соның да жамандығынан бір Өзің сақтай гөр деп сиынамыз» - деп жалбарыныңдар», – деген (Тирмизи, фитән 65).
[1]Яғни, желдің адамзатқа, жалпы қоршаған ортаға тигізер көптеген пайдалары бар. Мысалға айтсақ, судағы кемелердің жетер жеріне жылдам жетуі, энергия көзі ретінде пайдалану, ірі қалалардағы ауаның тазаруы, өсімдіктердің ұрықтануы осы жел арқылы болады.
[2] Яғни, Алла Тағала оны қандай мақсатта жіберген болса, соның жақсылығын тілеп, жамандығынан пана тілейміз, өйткені Алла Тағала адамзат тарихында әбден күнәға батқан бұрынғы қауымдарға арнайы түрде күшті дауыл жіберіп, оларды жермен-жексен еткен болатын.
[3]Яғни, жел арқылы келетін түрлі апаттардан.
Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қатты жел тұрғанда: «Уа, Алла Тағалам! Бір Өзіңнен мына желдің жақсылығын тілеймін, әрі оның ішіндегі көптеген ныметтердің және қандай мақсатта жіберілген болса, соның да қайырлы болуын сұраймын. Сондай-ақ, мына желдің кесірінен әрі оның ішіне бүккен жамандықтарынан және не себепті жіберілген болса, соның да жамандығынан бір Өзің сақтай гөр деп сиынамын» – деп дұға ететін еді», – деген (Муслим, истисқа 15)
материал «Тақуалар бақшасы» кітабынан алынды,
ummet.kz