14
Сенбі,
Маусым

һижри

Кім шын ықыласпен «лə илəһə иллАлла» деп айтса...

Кім шын ықыласпен «лə илəһə иллАлла» деп айтса...

Ислам тарихы

Зайд ибн Арқамнан (Алла оған разы болсын) пайғамбардың (с.ғ.с.):

«Кім шын ықыласпен лə илəһə иллАлла деп айтса, жəннатқа кіреді», – деген риуаят жеткен (имам Табарани).

Ықыластың мағынасы – жүректі тек Аллаға арнау, Оған ешкімді серік қоспау, Оны жүректің махаббаты мен мағбуды (құдайы) жəне мақсаты етіп тұрақтандыру. Кім осындай хəлде болса, оған бұл дүние қараңғы қамауға айналады. Себебі оның алдында дүниенің құндылығы жоғалады, өлім керісінше сол қамаудан шығып, ғашығына қауыштыратын жалғыз жолға айналады.

Ғашығына ынтызар адамның ұзақ уақыт отырған қамауынан шығып, сүйіктісімен қауышып, мəңгілік саулыққа жеткен адамның бақыты қандай десеңші! Аллаға махаббаттың əлсіз болуының себептерінің бірі – дүниені сүю. Адамның отбасын, малын, балалары мен бауырларын, туыстары мен бау-бақшаларын сүюі – дүние махаббатына жатады. Адам дүние махаббатына батқан сайын, Алладан алшақтай береді. Дүние махаббаты артқан сайын, ақырет туралы пікір де кеми түседі. Жүректегі дүние махаббатын кетірудің жолы – тақуалық, үнемі сабырлы болу, Алладан қорқу жəне Одан үміт ету.

Жоғарыда айтылған тəубе, сабырлық, тақуалық, қорқу мен үміт ету сияқты мəртебелер махаббаттың екінші рүкініне жатады. Бұлар жүректі Алладан басқа нəрселерден тазартуға септігін тигізетін құралдар. Бірінші рүкіні – Алла тағалаға, ақырет күніне, жəннат пен жаһаннамға иман келтіру. Осы иманның арқасында адамның көкірегіне Алладан қорқу мен үміт ету сезімдері ұялайды. Осы екеуінің салдарынан тəубе мен сабырлық шығады. Бұл өз кезегінде тақуалыққа шақырады.


материал «Аллаға махаббат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: