14
Сенбі,
Маусым

һижри

Дене мүшелері де нәпсінің көмекшілері іспеттес

Дене мүшелері де нәпсінің көмекшілері іспеттес

Ислам тарихы

Әй, Нәпсім! Мүмкіндік қолда турғанда сандығыңды жақсы толтыр, бос қоюшы болма.

Жалқауланба, әйтпесе, биік дәрежелерден құр қаларсын. Дене мүшелері де нәпсінің көмек-шілері іспеттес. Адам оларға міндеттеріне қарай жеке кеңес беріп, бұл аманаттарды жамандыққа араластырмауды нәпсісіне айтуы керек. Көзді харамға, жүректі мазалайтын пайдасыз, бос нәрселерге қараудан тыю керек. Тілді «тілдің бәлесі» деп аталатын өсек, өтірік, ғайбат, сөзтасу, мақтану, басқаларды балағаттау сияқты жаман нәрселерден тыйып, үнемі зікір және жақсы сөздермен шұғылдандыру қажет. Асқазанды харам әрі күмәнді тамақтан сақтап, халал әрі аз қолдануға үйрету керек. Адам әрбір әрекетінде өте көп мүбах нәрселерге кездеседі. Ең дұрысы – мақсатсыз істерді қою.

Сондай-ақ, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қажетсіз нәрселерді тастағаны – адамның жақсы мұсылман болғаны» - (Тирмизи, Зүһд 11; Инб Мәжә, Фитән 12) деп ескертеді. Яғни, шынайы мұсылманның сөзі зікір, қарағаны ғибрат және үндемегені тәфәккүр (ой) болу керек. Міне, нәпсі осы сияқты үгіттермен үнемі селқостықпен ояу болуы керек.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: