14
Сенбі,
Маусым

һижри

Нәпсі үшін ықыластан қиын ештеңе жоқ

Нәпсі үшін ықыластан қиын ештеңе жоқ

Ислам тарихы

Сәһл ибн Абдулла әт-Тустари (Алла Одан разы болсын) айтты: «Нәпсі үшін ықыластан қиын ештеңе жоқ. Өйткені нәпсінің ықыласта үлесі жоқ» (Жәмиғ әл-‘улум уә әл-Хикәм (1/84).

Суфян әс-Сәури (Алла Одан разы болсын) айтты: «Мен өз ниетімнен асқан ауыр іспен айналысқан жоқпын. Өйткені ол менде сәт сайын өзгеріп тұрады» - (Хиляту әл-Әулия (7/62).

Хасан әл-Басри (Алла Одан разы болсын) айтты: «...тіл мен жүректің үйлеспеуі, ішкі сыр мен сыртқы әрекеттің үйлеспеуі екіжүзділіктен болып саналады».

Фудайл ибн Иад (Алла Одан разы болсын) айтты: «Адамдар үшін амалды тастау – рия (екіжүзділік), ал адамдар үшін амал жасау – ширк. Ал ықылас – Алла сені ол екеуінен сақтауы» (Китәб әл-Кәбә-ир (1-б).

Лұқман Хакім (Алла Одан разы болсын) баласына былай айтқандығы риуаят етіледі: «Рия – амалдарыңның сауабын дүниеде іздеуің, ал бір халықтың амалы ақырет үшін» (Тәфсир әл-Қуртубий (5/182).

Имам Ғазали (Алла Одан разы болсын) айтқан: «Адамдарға жақсы қасиеттерді көрсету арқылы олардың жүрегінен мәртебе іздеу, міне, сол – пенденің Аллаға құлшылығы барысындағы нәпсі қалауы» (Ихя-у ‘улум әд-дин (2/483).

Ибн Хаджар (Алла Одан разы болсын) айтты: «Рия – адамдар оны көрсін, иесін мақтасын деген ниетпен ғибадатты көрсету» - дейді (Фатх әл-Бари (18/336).

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: