14
Сенбі,
Маусым

һижри

Тозақтың оты осы дүниенің отына ұқсайды ма?

Тозақтың оты осы дүниенің отына ұқсайды ма?

Ислам тарихы

Жоқ. Бәлкім, бұл дүниенің отынан жетпіс есе күштірек екендігі хазіреті Әбу Һурайра (Алла Одан разы болсын) риуаят еткен хадисте баяндалады:

««Сендердің мына оттарың тозақ отының жетпістен бірі ғана», - дегенде сахабалар: «Я, Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)! Шүбәсіз дүние оты жеткілікті болмақ», - деді. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жәһәннам оты дүниедегі оттан алпыс тоғыз есе ыстық. Бұлардың әрбірінің ыстықтығы жер бетіндегі барлық оттың қызуы секілді», - деді» (Сахих әл-Бухари (3265), Сахих Муслим (7344).

Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен келесі хадисте: «Тозақтың оты қызыл түске айналғанға дейін мың жыл жағылды. Тағы ақ түске енгенше мың жыл жағылды және ол қарайғанша мың жыл жағылды. Ол - қараңғы түнектей қап-қара»  (Сунән әт-Тирмизи (2591).

Сунән ибн Мәжә Бұл көріністе тозақтың үстіне жағылатын от жайлы айта кетіп, олардың үстіме-үсті жағылуының себебі оның алапат үрейі туралы хабардар ету және оған түсуге жетелейтін амалдарды жасаудан ескертіп, ол оттың қаншалықты шыдатпас ыстық екендігін бірте-бірте сипаттайды.

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: