Бір күні сахабалар хазіреті Әлдің (р.а.) мәртебесін білу үшін пайғамбардан (с.а.у.) былай сұрады:
– Ей, Расулалла! Хазіреті Әлиге деген мұншалықты сүйіспеншілігіңіздің себебін айтасыз ба?
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Олай болса, Әлиді шақырыңдар! – деді.
Біреуі хазіреті Әлиді (р.а.) шақыруға кетті. Қалғандарынан пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп сұрайды:
– Бір адамға жақсылық жасасаңдар, ал ол адам сендерге жамандық жасаса не істейсіңдер?
– Жақсылықпен жауап береміз.
– Сендерге үшінші рет жамандық етсе не істейсіңдер?
Үшінші рет сұрағанында ешкім жауап бермеді. Үнсіз бастарын төмен қаратты. Хазіретті Әли (р.а.) келгенде пайғамбарымыз (с.а.у.) одан да дәл ол осы сұрақтарды сұрайды.
– Ей, Әли! Бір адамға жақсылық етсең, ол саған жамандық жасаса не істейсің?
– Жақсылық жасаймын.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жеті рет сұрағанда да осы жауапты алды.
– Бәрі бір жақсылық етемін. Ей, Расулалла, әуре болмаңыз, қанша сұрасаңыз да берер жауабым осы.
Сахабалар бұл жауапты естігеннен кейін қайран қалып, пайғамбарымызға (с.а.у.) былай деді:
– Ей, Расулалла! Хазіреті Әлиге (р.а.) неліктен мұнша сүйіспеншілік артуыңыздың себебін енді түсіндік.
Біз де оны қатты жақсы көреміз...
материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,
ummet.kz