«Тәуәссул», «уасила» деген сөздер жақындық, бір нәрсеге жақындататын жол дегенді білдіреді.
«Біреу Алла Тағалаға тәуәссул жасады» дегенде оның Аллаға жақындататын бір іс жасағанын ұғынамыз.
Атақты тіл ғалымы Рағиб әл-Әсфаһани: «Уасила – бір нәрсеге құлшынып жету. Яғни, мақсатқа жетудің құлшыныс арқылы болатын түрі. Алла Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар және Оған уасила (жақындататын жол) іздеңдер», – деп айтқан.
Алла Тағалаға жақындататын шынайы уасила білім мен ғибадатқа жүгіну мен шариғаттың шеңберінен шықпау арқылы жүзеге асады. Уасила Алла жолындағы жақындық амалына ұқсас. Ал уасила жасаушы «Алла Тағалаға құлшынушы» деген мағынаны білдіреді», – деген. «Оған уасила (жақындататын жол) іздеңдер» дегеннің мағынасы: Алла Тағалаға бойсұну, разы болатын амалдарды атқару арқылы жақындаңдар дегенге саяды (Тәфсир Ибн Кәсир, 2/53).
материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,
ummet.kz