Тәшриқ тәкбірін мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз атқарылған әрбір парыз намаздан кейін айту әрбір ер адамға да, әйелге де, тұрғылықты кісігі де, жолаушы кісіге де бір рет айту уәжіп болады.
? Ер адамдар дауыстарын көтеріңкі қалыпты айтса, әйелдер бәсең үнмен іштей айтуы керек.
? Тәшриқ тәкбірін айт намазынан кейін де айту керек.
? Хайыз немесе нифас халіндегі әйелге бұл тәкбірлерді айтуына болмайды. Оның орнына кез келген зікір түрлерін айтуына болады.
? Сондай-ақ, кімде-кім бұл амалды атқаруға мән бермесе, уәжіпті тәрк еткені үшін күнәлі болады.
? Егер кімде-кім тәшриқ күндері намазын қаза етсе, тәшриқ тәкбірін сол қаза намазын өтегеннен кейін барып айтуы керек.
? Егер кімде-кім парыз намаздан кейін ташриқ тәкбірін айтуды ұмытып кетіп кейін есіне түсірсе, әрі намаз оқыған жерінде және ешкіммен сөйлеспеген болса, онда ташриқ тәкбірін айтуы керек. Алайда, айналасындағылармен тілдескен болса немесе дүниелік істермен айналысып кетсе, онда ташриқ тәкбірін тәрк еткен болады.
материал «Ислам діні» кітабынан алынды,
ummet.kz