14
Сенбі,
Маусым

һижри

Арафа күніне тән алты ерекшелік

Арафа күніне тән алты ерекшелік

Ислам тарихы

Бұл — дұғалар кері қайтпайтын, тілектер көкке көтерілетін, жүректер ең шынайы сөзін табатын күн. Арафа — Пайғамбарлар егіле жылап, ізгі құлдар үмітпен жалбарынып, тақуалар жандары тыныштық тапқан күн.

1.Арафа – жылдың ең таңдаулы күндерінің бірі

Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте: "Арафа (күнінің) артықшылығы он мың күннің орнына татиды» (әт-Тарғиб, 2/200; Ләтәифул-Мағариф, 460)

2.Арапа оразасы екі жылдық күнәлардың өтеуі

«Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін...» (Имам Мүслім, Абу Дауд, 2425; Насаи, 2384)

3.Ең абзал дұға – Арафа күнінде

Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте: «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға:

«Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген. (Тирмизи, 534/5, 3585).

Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.

4.Тозақтан адамдар босатылатын күн

Айша (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің былай дегенін баяндаған: «Алла Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арапа күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?» деп мақтанады». (Муслим, 1348)

5.Шайтанның қорланатын күні

Алла Елшісі айтады: «Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді.» (Муатта, қажылық 1/422; ибн Мәжә, 3013)

6.Кешірім күні

Алла Елшісі айтады: "Бұл күні өзінің қос құлағы, көзі не тілімен де харамға қол салмаған адамның күнә-кемшіліктері кешіріледі» (Муснад Ахмад сенімді тізбекпен; Мәжма’уз Зәуәйд, 3/251).

материал «Арафа: Жүректер сөйлейтін күн» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: