09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Ұмытылған сүннет: Балаларға сәлем беру

Ұмытылған сүннет: Балаларға сәлем беру

Ислам тарихы

Жас балаларға сәлем беру де сүннет амалдарына жатады.

Алла  елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ойнап жүрген балаларға сәлем беретін. Жас балаларға сәлем берудің пайдаларына тоқталып өтсек, бұл ең алдымен сүннетке ілесу болып саналады. Екіншіден, үлкендердің көкірегіндегі тәкаппарлық сезімін жойып, кішіпейілділік пен қарапайымдылық қасиетін арттырады. Үшіншіден, жас баланың үлкендерге деген құрметін арттырып, балаларды ерте кезден амандасуға және жалпы әдепке үйретеді.

Сәбит әл-Бунаниден жеткен хадисте: «Әнәс ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) [көшеде жиналған] балалардың қасынан өтіп бара жатып, оларға сәлем беріп: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) солай істейтін», - деді.» (Әл-Бұхари, № 6247)

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: