Абдуллаһ ибн Ғұкаймнен. Ол:
«(Бірде) біз Мәдәинде Хузайфамен (Алла оған разы болсын) бірге болдық», – деп айтқан.
«Хузайфа сусын сұрады. Бір тайпа басшысы оған күміс ыдыспен сусын алып келді.
Сонда (Хузайфа) оны лақтырып жіберді де: «Сендерге (мұның мәнісін) айтып берейін, мен бұған өзіме мұндай (ыдыспен) сусын бермеуін (бұрын да) бұйырған едім.
Өйткені Алла елшісі (с.а.с.): «Алтын және күміс ыдыстан сусын ішпеңдер, қалың және жұқа жібек киім кимеңдер. Ол – осы дүниеде олар үшін, ал Қиямет күні – соңғы өмірде сендер үшін», – деп айтқан», – деді»4 (2067/4).
Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Умму Сәләмәдан (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Күміс ыдыстан сусын ішетін адам қарнында жаһаннам отын қылғытатын болады»; Басқа бір риуаятта: «Күміс және алтын ыдыстан тамақ жейтін немесе сусын ішетін адам...», – деген (2065/1).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz