Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.):
«Пенде күнәға немесе туыстарымен қарым-қатынасын үзуге байланысты дұға етпесе, асықпаған жағдайда, оның (дұғасына) әрдайым жауап беріледі», – деген. (Одан): «Уа, Алланың елшісі! Асығу деген не?» – деп (сұралғанда), ол: «(Пенденің): «Мен дұға еттім, дұға еттім, бірақ (дұғама) жауап берілгенін көрген жоқпын», – деп айтуы. Сонда ол жалығып дұға етуін тастап қояды», – деген (2735/92).
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.): «Ешқайсың: «Уа, Алла! Қаласаң, мені кешір. Уа, Алла! Қаласаң, маған рақым ет», – демесін, (керісінше), дұғасында шешімді болсын, өйткені Алла Өзінің қалағанын жасайды, Оны ешкім мәжбүрлей алмайды», – деп айтты», – деген (2679/9).
Жәбирден (Алла оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.): «Ақиқатында, түнде бір уақыт бар, оған мұсылман кісі Алладан дүние мен Ақырет ісінен жақсылық сұраған халде дөп келсе, әлбетте, (Алла) оған (сұрағанын) береді. Және бұл әр түні (болады)», – деп айтқанын естідім», – деген (757/166).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz