Өкінішке орай көпшілік сені айыбың үшін емес ерекшелігің үшін жек көреді.
Араңды үзгендерден ештеңе көрмесең де, көретінді өзім қол созып, көмектескендерден көресің.
Бір қолымен сенің жәрдеміңді алса, сол сәтте-ақ екінші қолымен арқаңа қанжар қадайды.
Ешкім ешнәрсенің қадірін білмейді.
Аяққа тұрғызғандарың сені аяқтан шалғысы келеді.
Сен көңіліне дем болғандар сенің көңіліңді жаралағысы келеді.
Отын жағып сүйрегендерің сенің отыңды өшіргісі келеді.
Қайығын түзеп бергендерің сенің желкеніңді өртегісі келеді. Кезінде көз жасын сүрткен адамдар сені жылатқысы келеді.
Әрдайым кеңпейіл бол!
Бірақ мынаны ұмытпа «соқырдың көзі ашылған соң жасайтын ең бірінші нәрсесі қолындағы таяғын тастап жіберуі».
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz